RU
"Иллюминатор балқыды": Өртенген ұшақтың қызметкері оқиға туралы айтты
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Иллюминатор балқыды": Өртенген ұшақтың қызметкері оқиға туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Шереметьевода ұшақ өртенді. "Аэрофлот" әуекомпаниясы лайнерінің стюардессасы Татьяна Касаткина апат кезінде әуе кемесінің бортында болған. Ол қайғылы жағдай мен жолаушыларды эвакуациялау туралы толығымен айтып берді. Борт қызметкерінің әңгімесі Baza Telegram арнасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр. Татьяна Касаткина. Фото: Baza

Видеодан кадр. Татьяна Касаткина. Фото: Baza

Борт қызметкерінің сөзінше, өрт алдында қатты дауыс естіліпті.

"Бізді найзағай ұрды. Ұшу экипажы бізге әуежайға артқа қайтатынымызды хабарлады. Біз тапсырманы орындап ұштық және тағы нұсқаулықтар күттік. Байланыста үлкен мәселелер туындады", - деп сөзін бастады әуекомапния қызметкері.

Татьяна Касаткина әуе кемесі бұлттың арасында болған сәтте қатты дауыс шыққанын атап өтті.

Бұдан бөлек, жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты ушыға түсіпті.

"Қатты дауыл соқты. Борттың сыртында шу пайда болды. Осы сәтте электр қуаты сияқты жарық көрінді. Бәрі аз уақытта өрбіп, қара түтін көрінді", - деді стюардесса.

Ол ұшақ қонған соң жолаушылар сыртқа шығуға талпынғанын жеткізді.

Әйелдердің бірі әлдекімге хабарласып "Біз жанып жатырмыз, құладық", - депті.

Стюардесса лайнер тоқтаған соң адамдарды эвакуациялау басталғанын алға тартты.

"Бәрі жанып жатырмыз деп айқайға басты. Өрт ұшақтың сыртында болып жатты. Жолаушылар иллюминатор балқуда деді (...). Мен есікті ашып, жолаушыларды сыртқа итере бастадым", - деп есіне алды Касаткина.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Осыған байланысты Мурманс облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін көрсетті.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шереметьево әуежайында болған қайғылы жағдайға байланысты Ресей президентіне көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel