Выйти
RU

30 күнге созылады: Бүгін мұсылмандар үшін Рамазан айы басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 6 мамыр - қасиетті Рамазан айының бірінші күні. Оның ұзақтығы 30 күнді құрайды. Ал оразаның соңғы күндері, яғни, 5 маусым күні Ораза айт басталмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kazanfirst.ru

Фото: kazanfirst.ru

Айды бақылау бойынша Біріккен Араб әмірлігінің ресми комиссиясы жаңа туған айды байқаған.

Бұл ел де күнтізбедегі тоғызыншы айдың, яғни, Рамазан айының келгенінен хабар берді.

Рамазан айында ораза тұту - мұсылманның бес парызының бірі. Бұл күндері жамағат ауыз бекітіп, жағымсыз әдеттерден тиылады. Игі амалдар жасап, зекет беріп, қайырымдылық істермен айналысады.

Серікбай қажы Ораз қасиетті Рамазан айында балалар мен есі ауған адамдар, қарттар, денсаулығында ақауы бар жандар, аяғы ауыр және емізулі баласы бар аналар ауыз бекіту шарт емес екенін анықтап айтты.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
30 күнге созылады: Бүгін мұсылмандар үшін Рамазан айы басталды