RU
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды
Жаңалықтар Пресс-релизы

XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

Рассказать Вконтакте

22-24 мамырда Алматыда өтетін XVI Еуразия Медиа Форумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен өткізіледі. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар.

XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

Биылғы пленарлық отырыс мына тақырыптарда ұйымдастырылады: «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» «АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы әлде гүлденуі?», «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі», «Блогерлер: виртуалдық әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?», «Заңсыз-заңды: марихуана қолжетімді!».

Сондай-ақ жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Онда Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестігінің болашағына сарапшы көзқарас білдіріледі.

Ұйымдастырушылар форумға 19 елден шетелдік спикер, еліміздің мемлекет қайраткерлері мен айтулы сарапшыларының қатысуын күтуде. Басқосуға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Австрия, Қытай, Эстония, Словения, Сент-Винсент және Гренадин, Ливан, Андорра, Найроби, ОАР, БАӘ өкілдері қатысады.

Спикерлер қатарында:

  • Томас Хендрик Ильвес (Эстония) – эстон саясаткері, Эстония президенті (2006 – 2016 жж.)
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды
  • Роберт Джеймс Вулси – Орталық барлау басқармасының басшысы (1993-1995 жж), қуатты сақтау бойынша сарапшы, Genie Energy Ltd. стратегиялық кеңесшісі, Siva Power, Inc. Директорлар кеңесінің мүшесі
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

  • Уэйн Кертис Уэлдон (АҚШ) – конгрессмен, Пенсильвания округы атынан республикашыл (1987-2007 жж.)
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды
  • Анна-Мария Тренева (Ресей) – Ресейдегі Facebook, Instagram және Messenger аймақтық директоры.
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды
  • Мартин Форд (АҚШ) - Футурист және «Мәшинелер көтерілісі», «Зерттеу авторлары - жасанды ақыл-ойды жасаушылардың шындығы» кітаптарының авторы
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды
  • Михаил Гусман (Ресей) – журналист, ТАСС бас директорының бірінші орынбасары
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

  • Дмитрий Гордон (Украина) - журналист, «Гордон бульвары» газетінің бас редакторы, «ГОРДОН» интернет-басылымының негізін салушы
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды
  • Андрес Ильвес (Оңтүстік Африка) - тәуелсіз журналист және «Ilves International» бас директоры
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

  • Стивен Коул (Ұлыбритания), CGTN бағдарламасының авторы және жүргізушісі
XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

Алдағы конференцияда әлемдік және аймақтық деңгейдегі көкейтесті мәселелер талқыланатын болады. Күн тәртібінде: жаһандану мәселесі, әсіресе өзекті тұтыну дағдарысы, сондай-ақ халықаралық құқық проблемелары мен жасанды ақыл-ойды кеңінен пайдаланудан туындайтын сын-қатерлер бар.

Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар, атап айтқанда, журналистиканың цифрлық дүинедегі келешегі мен блогжүйе ықпалының күшеюі сөз етіледі.

Еуразия Медиа Форумының (ЕАМФ) басты мақсаты – Орталық Азиядағы жетекші әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Қазақстан, Еуразия және бүкіл халықаралық қауымдастықты толғандыратын геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың пікірталасына жағдай жасау.

Тіркеу http://eamedia.org/ru/ ресми сайтында 15-мамырға дейін қолжетімді.

Орын саны шектеулі.

XVI Еуразия Медиа Форумының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel