RU
Шереметьевода өртенген ұшақтың экипаж командирі апат себептерін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Шереметьевода өртенген ұшақтың экипаж командирі апат себептерін айтты

Рассказать Вконтакте

5 мамыр күні Мәскеуде Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонған ұшақ өртке оранды. Экипаж командирі Денис Евдокимов "Комсомольская правда" басылымына апаттың мүмкін себептері мен экипаж әрекеті туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Пилоттың сөзінше, ұшақ сағат 18:02-де ұшқан.

Ұшқан соң бортқа найзағай тиген соң ұшақ апатты режимге ауысқан. Ал мұндай режимде көлік компьюетр арқылы емес, тікелей басқарылады.

Ұшқыштың айтуынша, найзағай салдарынан байланыстың қысқа болуы әрі үзіліп естілуі жағдайды күрделендіріп жіберген.

"Таратқыштың режимін қосқаннан кейін бірнеше сөз айтып үлгеруге мүмкіндік болды, кейіннен байланыс жоғалды", -деді Евдокимов.

Денис диспетчерлер кемені жолаққа шығару үшін қажетті көмек көрсеткенін айтты. Сонымен қатар, ол қонудың жылдамдығы қалыпты болғанын, ұшақ жылдамдықты бірте-бірте азайтып, бірқалыпты қонғанын түртіп өтті.

Ұшақ толығымен қонған соң экипаж апаттық эвакуауия жасаған. Денис екінші плоиттың соңынан шыққан сәтте сол маңда өрт сөндіру көліктері де тұрған.

"Бізде ауада жалын болған жоқ. Өрт қонғаннан кейін басталды. Басты себеп те осы деп ойлаймын. Бактар толып тұрды",- деді пилот.

Оның сөзінше, толы бактармен қону экипаждың оперативті жинақтамасында жазылған нұсқаулық бойынша жүргізілді.

"Олар қону массасының артуымен отырғандықтан, ұшақ толы болды. Отын шығыны болған жоқ. 25 минуттан кейін олар қайта қонды. Бізде қону массасының артуымен қону процедурасы бар, біз оны пысықтап, ұшар алдында міндетті түрде талқылаймыз.
Бұл жағдайда өрескел қонудың нәтижесі жердегі өрттің туындауына алып келді", -деді экипаждың әрекеттерін түсіндірген сарапшы, 1-деңгейдегі пилот Андрей Литвинов.

Айта кетейік, куәгерлер ұшақтың апатты жағдайда қонуы мен өртенуін видеоға түсіріп алған. Сондай-ақ, желіде өртенген ұшақтың ішінде түсірілген видео да тарады.

Апат салдарынан 41 адам көз жұмып, бес адам ауруханаға жеткізілді.

Рейстің бортсерігі эвакуацияның мән-жайын айтып берді.

Қазіргі уақытта ұшақта қазақстандықтардың болған-болмағанын Сыртқы істер министрлігі анықтауда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel