RU
Қалыңдығы үш балалы әйел болып шыққан алматылық жігіт ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қалыңдығы үш балалы әйел болып шыққан алматылық жігіт ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғыны туған інісінің үш балалы келіншекке алданып қалғанын айтып, налыды. Өзін Салтанат деп таныстырған ол жігіттерді қазіргі қыз-келіншектерден сақ болуға шақырған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сүйгені үш балалы әйел болып шыққан алматылық жігіт ұятқа қалды

Көрнекі фото: espanarusa.com

Салтанаттың айтуынша, оның отызға таяп қалған інісі жақында үйленетінін айтып, ата-анасы мен бауырларын бір қуантқан.

Алайда, шаңырақтағы кенже ұлдың қуанышы көпке созылмапты. Ол бір баласы бар, ажырасқан келіншекке үйленетінін айтып, жақындарының көңілін су сепкендей басады.

«Кім де болса тәрбиелі, адал сүт емген қызды келін еткісі келеді. Ажырасқан, балалы әйел аламын дегенде бәріміздің төбемізден жай түскендей болды.
Ата-анам көпке дейін келісімін бермей, ұлдарына бар ақылын айтқан. Бірақ інім айтқанынан қайтпады. Ақыры, балалы келінге де рұқсат бердік», - дейді Салтанат.

Алайда, балалы әйелдің жыры мұнымен де бітпепті. Той қамымен жүрген отбасы мүшелері болашақ келіндерінің бір емес, үш баласы бар екенін анықтайды.

Бұл тойға дайындалған ата-анадан бөлек, үйленемін деп ниеттенген жігітке де соққы болған.

«Той жақындап қалған әлдебір таныстарымыз оның бір емес, үш балалы әйел екенін айтты. Не сенерімізді, не сенбесімізді білмедік.

Інімізге жұқалап жеткізіп көргенімізде, ол ашуға басып, біздің бәле іздеп жүргенімізді алға тартқан.

Алайда, кейін шындықтың беті ашылып, інім сүйіктісінің үш некеден баласы бар екенін білді.

Мұндайды ешкімнің басына тілемейміз. Тұрақты жұмысы бар, жоғары білімді, тәрбиелі інімнің дәл осындай жағдайда қалғаны қынжылтты.

Алғашында он жерден қарсы болсақ та, сүйген жүрегіне кедергі болмайық деп шешкенбіз. Бірақ үш балалы әйелдің өзін алдап келгенін білген ол бәрін дереу тоқтатты.

Әлгі келіншек жылап-сықтап, аяғына жығылып кешірім сұрағанымен, бауырым райынан қайпады.

Бүгінде оның сағы сынып қалған. Құдайдан оған лайықты жар кездестіруді сұрап жүрміз», - дейді Салтанат.
Сіздің реакцияңыз
23
1
6
3
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel