RU
Шереметьеводағы ұшақ өрті: Өзгерлер үшін өзін құрбан еткен бортсерік жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шереметьеводағы ұшақ өрті: Өзгерлер үшін өзін құрбан еткен бортсерік жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Шереметьево әуежайында 5 мамырда өртенген ұшақтың салдарынан 41 адам қаза тапты. Оның бірі экипаж мүшесі болды. Адамдарды құтқармақ болған 22 жастағы Максим Моисеев өртенген заттармен уланып қалған. Тілсіз жаудан қаймықпай, жолаушылардың өмірін сақтап қалуға жанын салған батыр туралы мәліметтер Mash Telegram каналында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марқұм Максим Моисеев (ортасында). Фото: Mash

Марқұм Максим Моисеев (ортасында). Фото: Mash

Арнаның мәліметінше, "Аэрофлот" әуе компаниясының қызметкері Максим Моисеев басқа адамдарды құтқарып жатып қаза тапты. Жас бортсерік жолаушыларды эвакуациялау кезінде түтіннен уланып қалған.

Жас жігіт бар-жоғы 22 жаста болған. Ол кішкентай кезінен бастап, аспанда ұшуды арман еткен.

Максим Мәскеу облысындағы бастапқы жазғы дайындығы бар әскери оқу орнында білім алған.

Mash арнасының мәлімдеуінше, басқалар парта үстінде отырғанда, Максим ұшақпен ұшып, парашютпен секіріп жүрген.

Марқұм Максим Моисеев. Фото: Mash

Марқұм Максим Моисеев. Фото: Mash

"Жігіт өз өмірін аспамен байланыстыруды армандады. Қалағанын іске асырды, оның қолынан келді. Максим ресейлік әуекомпаниясының бортсерігі атанды" , - деп жазды автор.

Марқұмның жақындары мен достары ол жөнінде тек жақсы нәрселер айтуда. Максим өте салмақты әрі ақкөңіл жігіт болған.

Бесінші мамыр күні ол өз өмірін өзгерлер үшін құрбан етуге дайын екенін көрсетті. Максим өртеніп жатқан ұшақтағы адамдарға көмектесіп, жолаушыларды жалғыз қалдырмай, олардың құтқарамын өзі құрбан болды.

Айта кетейік, Мәскеуде Шерементьево әуежайында ұшақ өртеніп кетті. Қаза тапқандардың саны әзірге 41 адамды құрады. Олардың бірі бортсерік Максим Моисеев. Ұшақ ішінен барлық қайтыс болған адамдардың денесі алып шығарылған.

Орын алған қайғылы жағдайға байланысты Ресейде қаралы күн жарияланды.

Желіде апатты жағдайда әуежайға қонған ұшақтың видеосы пайда болды.

Өртенген ұшақтың қызметкері мен экипаж командирі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, өрттің неден шыққаны туралы болжамын айтты. Сонымен қатар, тергеу комитеті апатты жағдайдың басты себептерін атады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
11
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel