RU
Мәскеудегі өртенген ұшақтың ішінен қайтыс болған барлық адамның денесі шығарылды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мәскеудегі өртенген ұшақтың ішінен қайтыс болған барлық адамның денесі шығарылды

Рассказать Вконтакте

Шереметьево әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам апаттан қаза тапты. Соның ішінде біреуі борт қызметкері болып шықты. Құтқарушылар ұшақта жанып, қайтыс болғандардың денесін әуе кемесінен шығарып, сараптамаға жіберді деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Қайтыс болғандардың денесі 6 мамыр күні шығарылған.

Ресми ақпараттарға сәйкес, қайғылы жағдай салдарынан 41 адам қайтыс болды.

"Қазіргі уақытта қаза тапқан 41 адамның денесі шығарылды. Сараптама жүргізу үшін мәйіттердің көбісін Мәскеудегі сот сараптамалық мәйітханасына жеткізді", - деп жазады басылым.

Бұрынырақ БАҚ беттерінде бес адамның ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады.

ТАСС зардап шеккен алты адамға медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

Оқиға орнында қазіргі уақытта арнайы мамандар қызмет етуде.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Осыған байланысты Мурманск облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін көрсетті.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel