RU
Отандық жұлдыздар көпшілікті Рамазан айымен жарыса құттықтауда (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық жұлдыздар көпшілікті Рамазан айымен жарыса құттықтауда (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін 6-шы мамыр мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айы басталды. Осы орайда отандық жұлдыздар көпшілікті оразаның басталуымен жарыса құттықтып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жорабаева, Жүнісова, Иманбаева, Жанәлиев. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жорабаева, Жүнісова, Иманбаева, Жанәлиев. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Олардың арасында Алтынай Жорабаева, Айқын, Мақпал Жүнісова, Айгүл Иманбаева бар.

Көпшілікке әсіресе, Алтынай Жорабаеваның жазбасы қатты ұнаса керек.

"Ассаламуғалейкум баршаңызға! Айлардың сұлтаны - Рамазан айы құтты болсын. Бүгін бірінші тарауих намазы. Яғни, барлық мешіттерде құптан намазынан соң тарауих намазы басталады. Бірақ әйел кісінің үйінде оқыған намазы, мешітте оқыған намазынан қайырлы екенін ескерген жөн.

Сондықтан әйел кісі тарауих намазын мешітте емес, үйінде оқығаны абзал. Дегенмен мешітке келіп оқудың да күнәсі жоқ. Мамырдың 6-шы жұлдызынан бастап, яғни ертең ауыз бекітеміз, Алла қаласа", - деп жазған әнші Instagram парақшасында.

Сондай-ақ Алтынай Жорабаева көпшілікке ораза айындағы алғашқы және соңғы тарауих намазының күнін, Ораза Айт мейрамын да түсіндіре кеткен.

Ал өзге әншілер желі қолданушыларын арнайы жазбасы бар суреттермен құттықтау жолдаған.

Ал "Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов қасиетті ораза айымен құттықтаған ұлының видеосын жолдады.

"Тілеген дұғамызды қабыл етсін, Алла", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
0
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel