RU
Нәпсісін тия алмаған қызқұмар еркек отбасынан айырылғанына өкінді

Нәпсісін тия алмаған қызқұмар еркек отбасынан айырылғанына өкінді

Рассказать Вконтакте

Жеңіл жүріске салынып, жанұясының шырқын бұзған елудегі ел ағасы жан сырымен бөлісті. Ол нәпсісін тия алмай, көрінген қыз-келіншекке қызығамын деп отбасынан айырылған. Бір қызығы, өзіне үш бала сыйлаған ақ некелі жары жанұясын сақтап қалуға барынша тырысыпты. Қызқұмарлығынан опық жеген ол бүгінде тізесін құшақтап, жалғыз қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото:edujandon.com

Фото:edujandon.com

Өзін Айбек деп таныстырған ер адам басынан өткен жағдайды (ред.ескертпе кейіпкердің есімі өзгертілді) өзгелерге өмірлік сабақ болсын деп айтып отырғанын жеткізді.

"Сүйіп қосылған жұбайым өмірге үш бала әкелді. Үшеуі де тәрбиелі, білімді, тәртіпті болып өсті. Алайда, оларды өсіруге менің еңбегім көп сіңді демеймін. Өйткені, жұмыс бабымен үнемі сыртта жүріп, даланың адамына айналдым.
Уақыт өте келе, барлығын да сырттан іздейтін болдым. Қызқұмарлығым түбіме жетті. Көрінген қыз-келіншекке ақшамды шашып, бір сәттік ләззат үшін бәрін ұмыттым. Әйелім мұның бірін білгенімен, бірін білмейтін. Көп қылығыма кешіріммен қарап жүрді. Бірақ кейін жалғызбасты әйелдің соңынан кетіп, қолына кіріп алғаным оған үлкен соққы болды", - дейді кейіпкер.

Айбек он шақты жыл бойы өзге әйелмен бірге тұрған. Осы аралықта өзінің жұбайы қаншама рет алдынан өтіп, балаларынан алыстамауды, отбасына оралуды сұрапты. Тіпті, Айбектің ата-анасы да келіндерін қолдап, ұлдарынан адаспауды сұраған. Алайда, тағы да сол нәпсіге ерік берген Айбек жалғызбасты жас келіншекті таңдағанын айтады.

"Бұл менің өмірімдегі ең үлкен қателік. Әйелім мен балаларым талай мәрте жылап келді. Үйге қайта оралуымды сұрады. Сол кезде оларды көзіме ілмедім. Олар менің өмірімде жоқ сияқты көрінетін. Қанша жыласа да, оларды көзіме ілмедім. Әрине, шыдамның да шегі бар. Мені қайтарамын деп әйел, бала-шағам шаршады.
Ақыры, басқа аймаққа көшіп кетті. Бүгінде екі ұлым отбасын құрды. Кіші қызым мектепті үздік бітірмекші. Бұл қуаныштың барлығы менің қатысуымсыз өтіп жатыр. Өйткені, қатемді кеш түсіндім. Он жерден еңкейіп барсам да, олардың мені қабылдамайтыны анық", - дейді Айбек.

Бүгінде жасы келіп, қызметі төмендеген Айбекті жас ашынасы үйінен қуып жіберген. Бұрынғыдай күш-қуаты қалмаған ол қатардағы қызметкер ретінде, жалдамалы пәтерде күн кешіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
4
3
1
4
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel