RU
Шереметьеводағы ұшақ өрті: Тергеу комитеті қайғылы оқиғаның себептерін атады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шереметьеводағы ұшақ өрті: Тергеу комитеті қайғылы оқиғаның себептерін атады

Рассказать Вконтакте

Шереметьевода өртенген ұшақ: Мәскеудің тергеу комитеті қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған әуе кемесіндегі өрттің шығу себебін атады деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко мамандар қайғылы оқиғаның бірнеше нұсқасын қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Сарапшылар өрт ұшақ бортына техникалық бақылау жүргізген қызметкерлер мен диспетчерлер, сондай-ақ ұшқыштардың даярлық деңгейінің төмен болуы салдарынан орын алса керек деп есептейді.

Оған қоса, өрт лайнердің істен шығып қалғаны салдарынан шығу мүмкін. Қайғылы жағдайдың тағы бір нұсқасы ретінде мамандар қолайсыз ауа райын атады.

Сонымен қатар, басылым ведомство басшысы Александр Бастыркин шұғыл жиналыс өткізгенін хабарлады.

Айта кетейік, Мәскеуде Шерементьево әуежайында ұшақ өртеніп кетті. Қаза тапқандардың саны әзірге 41 адамды құрады. Олардың бірі бортсерік Максим Моисеев. Ұшақ ішінен барлық қайтыс болған адамдардың денесі алып шығарылған.

Орын алған қайғылы жағдайға байланысты Ресейде қаралы күн жарияланды.

Желіде апатты жағдайда әуежайға қонған ұшақтың видеосы пайда болды.

Өртенген ұшақтың қызметкері мен экипаж командирі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, өрттің неден шыққаны туралы болжамын айтты. Сонымен қатар, тергеу комитеті апатты жағдайдың басты себептерін атады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel