RU
Тұрғымбаев пен Шпекбаев жаңа әскери атаққа ие болды (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тұрғымбаев пен Шпекбаев жаңа әскери атаққа ие болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақордада әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімі болып өтті. Оларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі марапттады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Ақорда, Коллаж: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев генералдар мен офицерлерге арнаған сөзінде бұл жоғары шендер мен арнаулы атақтар олардың еңбектерінің лайықты жемісі екенін атап өтті.

"Бұл Сіздердің тек кәсіби және жеке сіңірген еңбектеріңіздің еленуі ғана емес, сондай-ақ, одан да ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жауапкершіліктің жаңа деңгейін білдіреді. Қуатты әрі өркендеген Қазақстанды құру жолында барлық күш-жігерлеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.

Президент салтанатты рәсімге қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы жеңіс мейрамымен құттықтады.

Марапаттау шарасы барысында Ғизат Нұрдәулетов пен Марат Ахметжановқа 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені табысталды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Алик Шпекбаев пен Ерлан Тұрғымбаев полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағын иеленсе, Мүслім Алтынбаевқа генерал-лейтенант әскери атағы берілген.

Сонымен қатар, Ә. Жүсіпов мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағын алса, Д. Ерғожин, Т. Әлімжанов, М. Ирменов, А. Төлеуов және Б. Уәлиниязов ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағына ие болды.

Сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы – Б.Найзабековке; үшінші санатты жоғары біліктілік сыныбы Қ.Сөнтаевқа табысталды.

Сіздің реакцияңыз
9
1
1
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel