RU
Байзақова ұлына берілетін жәрдемақыны әлі күнге дейін пайдаланбаған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Байзақова ұлына берілетін жәрдемақыны әлі күнге дейін пайдаланбаған

Рассказать Вконтакте

Айжан Байзақова ұлына бір реттік берілетін жәрдемақы мен ай сайын төленетін 16 мың теңгені әлі күнге жұмсамағанын ашып айтты. Кішкентай баласының бір реттік жаялығының өзіне 18 мың теңге жұмсайтын жас ана көпшіліктен кеңес сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазір шотына түскен жәрдемақының жиналып, жарты жылда 160 мыңға жеткенін Байзақова Instagram парақшасында айтып берді.

"Сіздер қанша табыс табасыздар және оны қалай жұмсайсыздар? Мен ұлым туғаннан бері шотыма түскен жәрдемақыны жұмсап көрмеппін. Жарты жыл көлемінде 160 мың теңге жиналды. Ай сайын маған 16 мың теңге жәрдемақы түседі. Ал ұлым туғанда бір реттік жәрдемақы 95 мың теңге алдым.
Бір жағынан қарасам, бәрі дұрыс секілді. Екінші жағынан қарап, жәрдемақыдан бас тарта салғаным дұрыс еді деп ойладым. Түкке жетпейді. Әрине үнемдеуге болады. Алайда ұлымның 10 күндік жаялығының өзіне 18 мың теңгедей кетеді. Ал тамағы мен бір реттік жаялықтарын қоссаң, айына 50 мың теңгедей жұмсалады. Бұл қаражат киім пен бөтелкелерін, арбасы мен майда-шүйдесін есептемегенде жұмсалатын ақша", - деген Байзақова бірнеше баласы бар аналардан кеңес сұрады.
"Бір баладан артық бала табатын әйелдер сіздер қанша табыс табасыздар? Балаңызға да, өзіңізге де қажеттіліктерді алу үшін қаражат жетеді ме? Оның үстіне үйге, оқуға қаражат жинау керек. Өте қызық. Менің оқырмандарымның арасында жәрдемақы қажеттілігіне жететін адамдар бар ма екен?
Шағым айтудың керегі жоқ. Тек қана қиындықтан қалай жол тауып шығатыныңызбен бөлісіңіз. Тіпті 200 мыңнан артық тапсаңыз да, шетелде демалуға мүмкіндігіңіз бар ма?", - деп жазды Айжан Байзақова.

Сондай-ақ жас ана жазбасына ең үздік пікір білдірген оқырманына 16 мың теңге сыйлық беретінін де жеткізді.

Ал желі қолданушылары өздерінің жердәмақымен қалай күн көретіндерін жарыса жазып, ана болудың қиыншылықтарымен бөліскен.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
7
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel