RU
Шереметьеводағы ұшақ өртінен Мурманск тұрғыны ішкі түйсігінің арқасында аман қалған
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шереметьеводағы ұшақ өртінен Мурманск тұрғыны ішкі түйсігінің арқасында аман қалған

Рассказать Вконтакте

Шереметьевода өртенген ұшақ: Мурманск тұрғыны өз ішкі түйсігінің арқасында тірі қалғанын айтты. Бойжеткен ұшардан бірнеше күн бұрын билетін өткізіп, сапарға шықпауға шешім қабылдаған. Бұл туралы Lshot Telegram арнасында мәлім болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алена Медведева. Фото: telegram-канал @Lshot

Алена Медведева. Фото: telegram-канал @Lshot

Анықталғандай, Мурманск тұрғыны Алена Медведева баласымен бірге Белград қаласында қонақта болған. Бесінші мамыр күні келіншек үйіне ұшуға тиіс еді.

Ол Шереметьевода өртенген ұшаққа отыру керек болған. Алайда, қайғылы жағдайға бірнеше күн қалғанда Алена билеттерді өткізіп, тағы біраз уақыт қонақтап қалуға шешім қабылдайды.

Келіншек жексенбі күні ұшып, дүйсенбіде жұмысқа шығуды жоспарлаған. Алайда, басшылықпен келісіп, үш күнге демалыс алған ол Белградта қалып қояды.

Оған қоса, Алена бастапқыда-ақ бесінші мамырда үйіне оралмайтынын сезген болып шықты.

Мәскеу әуежайында орын алған қайғылы жағдай туралы ол ата-анасынан естіген. Төтенше жағдай естіген олар бірден Аленаға қоңырау шалған. Ерлі-зайыптылар қызы дәл сол рейспен ұшып келді деп ойласа керек.

Айта кетейік, Мәскеуде Шерементьево әуежайында ұшақ өртеніп, салдарынан 41 адам қаза тапты. Олардың бірі бортсерік Максим Моисеев болған.

Қайғылы жағдайға байланысты Ресейде қаралы күн жарияланды.

Желіде апатты жағдайда әуежайға қонған ұшақтың видеосы пайда болды.

Өртенген ұшақтың қызметкері мен экипаж командирі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, өрттің неден шыққаны туралы болжамын айтты. Сонымен қатар, тергеу комитеті қайғылы оқиғаның себептерін атады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel