RU
"Ашуымды келтіреді": Ер азамат әйелінің бірінші некесінен туған ұлына шағымданды

"Ашуымды келтіреді": Ер азамат әйелінің бірінші некесінен туған ұлына шағымданды

Рассказать Вконтакте

Есімі жасырын болып қалған ер адам әлеуметтік желідегі velikolepnyi_kazakhstan парақшасына жан сырын ақтарып, жазба қалдырған. Ер азаматтың айтуынша, оның да, әйелінің де бірінші некелерінен балалары бар екен. Жаңадан отбасы құрған қос ғашықтың тек бір мәселесі бар. Ол - балалар. Ер адамның сөзінше, әйелі екеуі бір-бірінің балаларын ұнатпайды екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: chebo.pro

Фото: chebo.pro

Басындағы жағдайды баяндаған ер азамат өзінің жарты жылдан бері баласы бар әйелмен азаматтық некеде тұрып жатқанын алға тартты.

Оның айтуынша, аяғы ауыр келіншегінің бірінші некеден тапқан баласы ашу-ызасын келтіреді екен.

"Оған қатыстының бәрі ашуымды келтіреді. Киген киімі, ишарасы, оқуы...", - дейді азамат.

Ер адамның өзінің бірінші некесінен екі баласының барын және қазіргі келіншегінің де оның балаларын ұнатпайтынын айтады.

"Менің балаларым да әйелімнің жынына тиеді. Оларды маған апталап келіп тұрады. Ажыраспас бұрын бұрынғы әйеліммен солай шешкен едік. Енді не істерімді білмеймін. Сол үшін жиі сөзге келіп қаламыз. Айырылысып та көрдім. Бірақ ештеңе шыққан жоқ. Мен сүйгенімнен бас тартқым келмейді. Ол әйел ретінде менің көңілімнен шығады", - дейді кейіпкер.

Тығырыққа тірелген азамат енді өз балаларынан бас тартып, қазіргі жарының ұлын әжесіне беру жайлы ойланып, бас қатырып жүр екен. Ер адамның сөзінше, ол мәселеден шығудың басқа жолын көрмей тұр.

"Әйелім де, мен де бір-біріміздің балаларымызбен жақындасып, оларды жақсы көріп кетуге тырыстық. Алайда қолымыздан келген жоқ. Мен әйелімді түсінемін, себебі өз балаларымнан өзім шаршап кетемін", - деп жазды ер адам өз хатында.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel