RU
Қырғызстан мектептерінде түлектер кешіне тыйым салынды

Қырғызстан мектептерінде түлектер кешіне тыйым салынды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан мектептерінде түлектер кешіне қатаң түрде тыйым салынды. Мемлекеттің білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева арнайы жарлыққа қол қойған деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото: Ulanbek Asanaliev (RFE/RL Graphics)

Фото: Ulanbek Asanaliev (RFE/RL Graphics)

Министр жарлығына сәйкес, мектептер директорлары мен мұғалімдердің сый-сыяпат алуына және соңғы қоңырауға арнайы қаржы жинауына тыйым салынды.

Министрліктің баспасөз қызметі түлектерге мектеп бітіру кешін білім ордасымен қоса, көңіл көтеретін мекемелерде де өткізуге болмайды.

Бұл күні қалалық және аудандық білім басқармаларына арнайы кезекшілік орнату тапсырылған.

Жарлық орындалмаған жағдайда тиісті шара қолданылады деді минситрлік өкілдері. Олардың сөзінше, мектеп басшылары жұмыстан босатылуы да әбден мүмкін.

Қырғызстанда мектептерде соңғы қоңырау 25 мамыр күні сағат 9.00-де басталмақ.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel