RU
"Дәрігермен кеңесу керек": Кімге ораза ұстауға болмайды?
Жаңалықтар Қоғам

"Дәрігермен кеңесу керек": Кімге ораза ұстауға болмайды?

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы қасиетті Рамазан айында кімдерге ораза ұстауға болмайтынын айтты. Жандарбек Бекшин қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдығып, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

"20 сағат бойы ас-сусыз жүру қиынға соғады. Сондықтан жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, қариялар мен жеті жасқа толмаған балалар, әскери адамдарға ораза ұстумауға болады", - деді Бекшин.

Сонымен қатар, комитет төрағасы қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдыққан, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді. Оған қоса, вирусты гепатит, созылмалы ішек аурулары, асқазан жарасы, гастриті бар адамдарға да ораза ұстамауына болады дейді ол.

"Мұндай жағдайда азаматтар міндетті түрде дәрігерімен кеңесу керек. Дәрігер рұқсатын берсе ғана ораза ұстауға болады", - деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер отыз күн бойы ауыз бекітетін адамдарға 8-10 стақан су ішуге кеңес берді.

"Себебі, су ішкен кезде, адам шөлдемейді. Сосын тәтті газдалған сусындарды бір ай бойы ұмыту керек. Тұзы көп тағамдарды да азайтқан абзал. Сонда ораза жеңіл өтеді", - деді Жандарбек Бекшин.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel