Выйти
RU

СІМ: Шереметьевода апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: mfa.kz

Фото: mfa.kz

"Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің алдын ала ақпараты бойынша, Шереметьево әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ. Осы қасіретті апатта қаза тапқандардың тұған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтамыз", - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы хабарламасында.

Еске сала кетейік, Мәскеудің Шерементьево әуежайында ұшақ өртеніп, салдарынан 41 адам қаза тапты. Олардың бірі бортсерік Максим Моисеев болған.

Қайғылы жағдайға байланысты Ресейде қаралы күн жарияланды.

Желіде апатты жағдайда әуежайға қонған ұшақтың видеосы пайда болды.

Өртенген ұшақтың қызметкері мен экипаж командирі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, өрттің неден шыққаны туралы болжамын айтты. Сонымен қатар, тергеу комитеті қайғылы оқиғаның себептерін атады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СІМ: Шереметьевода апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ