RU
СІМ: Мәскеуде апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болған жоқ
Жаңалықтар Қоғам

СІМ: Мәскеуде апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болған жоқ

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлайды Қазақпарат.

фото: Риа Новости

фото: Риа Новости

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Telegram арнасында жазды.

"Ресей Федерациясы тергеу комитетінің алдын ала ақпараты бойынша, Шереметьево әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ. Осы қасіретті апатта қаза тапқандардың тұған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтамыз", - делінген жазбада.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Осыған байланысты Мурманск облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін көрсетті.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel