RU
Қарағанды облыстық полиция департаментіне жаңа басшы келді
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облыстық полиция департаментіне жаңа басшы келді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облыстық полиция департаментінің жаңа басшысы лауазымына Ерлан Файзуллин тағайындалды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Файзуллин, фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ерлан Файзуллин, фото: ІІМ баспасөз қызметі

Жаңа басшыны ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пен облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.

Ерлан Файзуллин 1973 жылы дүниеге келген, жоғары білімі бар.

Құқық қорғау органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бастап істейді.

Орта және аға басшылық құрамдарда түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Басшылық лауазымда да  жұмыс тәжірибесі бар.

Қостанай облыстық полиция департаменті Федеров аудандық полиция бөлімінің бастығы, аталған департамент бастығының орынбасары, 2018 жылдың желтоқсанынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel