RU
Мәскеуде ұшақ өртенді: Лайнердің жанып кеткен салонының видеосы жарияланды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мәскеуде ұшақ өртенді: Лайнердің жанып кеткен салонының видеосы жарияланды

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Шереметьево әуежайында салоны өрттенген SSJ – 100 ұшағының видеосы YouTube желісіндегі СКР арнасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: СКР

Видеодан кадр: СКР

Кадрдан құтқарушылар мен тергеу комитеттерінің қызметкерлерін көруге болады.

Олар лайнердің өрттенген тұсында жүр. Сондай-ақ, салонда да арнайы мамандар жұмыстарын істеуде.

Оқиға орнына Ресейдің тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин де келген.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Осыған байланысты Мурманск облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін көрсетті.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
11
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel