RU
Түркістан облысында кәсіпкер көпбалалы анаға үй сыйлады
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында кәсіпкер көпбалалы анаға үй сыйлады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Мақтарал ауданында кәсіпкер қасиетті рамазан айының алғашқы күнінде көпбалалы отбасына баспана сыйлады. Бірнеше жылдан бері бұл отбасы жалдамалы пәтерде тұрып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: Мақтарал аудандық баспасөз қызметі

фото: Мақтарал аудандық баспасөз қызметі

Отағасы Мұхтар жұмыссыз, ІІ топ мүгедегі.

Күйеуі мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы ана Ұлдықыз Мырзакент кентіндегі "Абылайхан" жалпы орта мектебінде еден жуушы болып еңбек етеді.

Олардың кәмелет жасқа толмаған бес перзенті бар.

Жақында ғана құрылған "Мақтаарал баспана" қоры арқылы баспанаға мұқтаж отбасыны кәсіпкер Жұмабаев Орынбасар Қаппарұлы Рамазан айының алғашқы күні қуантты.

фото: Мақтарал аудандық баспасөз қызметі

фото: Мақтарал аудандық баспасөз қызметі

Ол мұндай игілікті шараның алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

"Бұл бастама тек басы ғана. Біз бүгінде аудан әкімінен бастап барлық ауылдық округтердің әкімдерінен жер учаскелерін сұрап жатырмыз. Егер беріліп жатса біз үй салып беруге дайынбыз" - деді Мақтаарал аудандық сотының төрағасы, "Мақтаарал баспана" қорының белсендісі Құнанбай Мұсаев.
фото: Мақтарал аудандық баспасөз қызметі

фото: Мақтарал аудандық баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
29
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel