RU
Артық салмағы үшін құрдастарының күлкісіне қалған бойжеткен сұлулық байқауларын жеңіп жүр
Жаңалықтар Калейдоскоп

Артық салмағы үшін құрдастарының күлкісіне қалған бойжеткен сұлулық байқауларын жеңіп жүр

Рассказать Вконтакте

22 жастағы Джоанна Малайзияның Кланг қаласында дүниеге келген. Бойжеткен өмір бойы артық салмағы үшін құрдастарынан жапа шеккен. Жеті жасында Джоаннаның салмағы 60 келіні құраған деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram

Фото: instagram

13 жасында бойжеткеннің салмағы 100 келіге дейін жеткен екен.

Сылқымның сөзінше, ол бала күнінде бір сәтте бес тәрелке күріш жей алған. Асқа деген мықты тәбеті үшін ару жиі сынға қалатын. Күйзелістің әсерінен Джонна тамақты үлкен көлемде тұтына бастаған.

Бойжеткен 16 жасқа келгенше өзін тамақтан тия алмаған. Бір күні Джоанна бұлай өмір сүре алмайтынын түсініп, өзін қолға ала бастайды. Ол спортпен шұғылданып, зиянды тағамдардан бас тартып, ас мәзіріне жеміс-жидектерді қосты.

Бірнеше уақыт өткеннен қыздың алмағы 52 келіні құраған.

Алайда артық салмақ тастаған бойжеткен құрдастарының оған деген қарым-қатынасын түзей алған жоқ. Олар Джоаннаны дәл бұрынғыдай ұнатпады.

19 жасында Джоанна бірінші рет сұлулық байқауларына қызығып, қатысушысы атанады. Ол қалалық байқауда бас жүлдені қанжығасына байлап, сәнгер кәсібін жалғастыруды ойлайды.

Үндістанда өткен әлемдік сұлулық байқауында ару екінші орынды иеленді. Дәл сол кезде ол бұрынғы Джоннадан естеліктен басқа ештеңе қалмағанын түсініпті.

Фото: women.rambler.ru

Фото: women.rambler.ru

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel