RU
Түркістан облысында құрма мен су тегін таратылды

Түркістан облысында құрма мен су тегін таратылды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент көшелерінде Рамазан айында Алланың разылығы үшін 30 күн ораза ұстауды ниет етіп, ауыз бекіткен азаматтарға құрма мен су үлестірілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Аталмыш бастамаға мақтаралдықтар таңдана қараған. Өйткені мұндай шара ауданда алғаш рет қолға алынып отыр.

Қайыры мол шараға аудан мешіттерінің имамдары мен мешіт жамағаты, аудандық сот қызметкерлері мен аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлері мұрындық болды.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шара тұрғындардың таңданысын тудырғанымен игілікті бастаманың жалғасын табуына тілек білдірді.

“Біздің мақсатымыз – біреулерді таң қалдырып немесе жұрттың назарын өзімізге аудару емес, біздің басты мақсатымыз – сан ғасырлардан бері атамыздың қанымен, анамыздың сүтімен бойымызға дарыған хақ дініміз – исламның мәртебесін көтеру. Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазанды жұртшылыққа жете түсіндіру, жеткізу” - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
2
16
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel