Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Назарбаева 56 жасқа толды

Опубликовано:

Бүгін, 7 мамыр күні сенат төрағасы Дариға Назарбаева 56 жасқа толды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамыр күні Теміртау қаласында, Нұрсұлтан мен Сара Назарбаеваның отбасында дүниеге келген.

Мектепті тәмамдаған соң Дариға Нұрсұлтанқызы Ломоносов атындағы ММУ-ге тарих факультетіне түсіп, кейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірді.

Дариға Назарбаева саяси ғылымдарының докторы және тарих ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары түрлі саяси қызметтерді атқарды. Көптеген атақтары мен марапаттары бар.

Дариға Назарбаева мансабын құрумен қатар қайырымдылықпен де айналысады. Сондай-ақ, ол- қазақ халық әндері мен романстарын орындайтын опера әншісі.

Дариға Назарбаеваның үш баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1792921-dariga-nazarbaeva-56-zaska-toldy/

pixel