RU
Шереметьеводағы апаттың салдары анықталды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шереметьеводағы апаттың салдары анықталды

Рассказать Вконтакте

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында SSJ 100 ұшағымен болған апатқа қатысты істі тергей отырып, өрт ұшқыштардың іс-қимылындағы қателіктерден пайда болған деген нұсқаға басымдық беріліп отыр. Бұл туралы "Комерсант"-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Mash

Фото: Mash

Басылымның хабарлауынша, "отынды шығармай және жылдамдықты анық асыра отырып" әуе кемесінің әуежайға қонуы жүзеге асырылды. Бұл ұшақтың зақымдалуына және өртке әкелуі мүмкін болған.

Сонымен қатар, тергеушілер апат кезінде жедел іс-әрекет жасамаған жердегі қызметкерлердің де жұмысын анықтауда.

Соңғы қорытындылар кейінірек белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні "Аэрофлот" әуекомпаниясының ұшағы Мәскеуден Мурманскқа ұшқан болатын. Алайда көп ұзамай ұшақ Шереметьево әуежайына қайта оралып, қону кезінде өртке оранған. Оқиға салдарынан 41 адам қаза болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel