RU
Димаш Құдайбергеновтың жеке концертінің дайындық видеосы пайда болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеновтың жеке концертінің дайындық видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Желіде Димаш Құдайбергеновтың Нұр-Сұлтандағы "Арнау" жеке концертіне дайындығынан видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған видеоны "Қазақстан" телерадиокешенінің бұрынғы басшысы Ерлан Қарин өзінің іnstagram парақшасына жүктеді.

Бейнежазбадан әншінің жуырда өтетін жеке концертіне қызу дайындық жүріп жатқанын көруге болады. Ерлан Қарин видео астына:

"Кеше түн ортасында Димаш @kudaibergenov.dimash пен Қанат Айтбаевтың @kanat_sveta_aitbayevtar концертке дайындық жұмыстарының үстінен түсіп, алдағы шараға қатысты мәселелерді талқыладық", - деп жазба қалдырған.

Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтандағы жеке концерті 29 маусым күні өтеді деп күтілуде. Арнайы Димаштың өнерін тамашалау үшін тыңдармандар әлемнің әр бұрышынан келуді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel