Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойдан ерте кетіп қалған туысқандары қалыңдықтың ашуын шақырған

Опубликовано:

Қалыңдық отбасының өзінен алыс шақырым жерде тұратынын алға тартып, той күнін бүге-шүгесіне дейін жоспарлап қойғанын сөз етті. Алайда бойжеткеннің туысқандары оның жоспарына құлақ аспай, тойдан кетіп қалған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: newsradio967.iheart.com
Фото: newsradio967.iheart.com: UGC

Қалыңдық неке қию рәсімін 15:00-ге белгілеген. Ал 16:00-де кішігірім дастархан жайылып, сағат 19:00-де ойын сауық кеші басталуы керек еді.

Бойжеткен туған-туыстарымен түнге дейін көңіл көтеріп, уақытты бірге өткіземін деп ойлаған. Алайда олардың өз жоспары болған екен. Жақындары неке қию рәсімінен кейін-ақ тарқасып кетіпті.

Кейіннен қалыңдықтың аяғы ауыр әпкесі болашақ сәбиінің дүниеге келуіне орай арнайы кеш ұйымдастырғаны анықталған. Тойдағы қонақтардың барлығы аталған кешке кетіп қалыпты.

Отбасына ренжіген бойжеткен ғаламтор қолданушыларына "туысқандарыма ренжігенім орынды ма?" деген сауал жолдаған. Жүздеген адам қалыңдықты қолдай отырып, әпкесінің іс-әрекеті санаға сыймайтынын айтқан.

Көптеген оқырмандар сылқымға жағымсыз үйлену тойы жайлы ұмытуға кеңес берді. Сондай-ақ, қолданушылар бойжеткеннің отбасы оны жақсы көрмейтініне сенімді екенін жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792938-tojdan-erte-ketip-kalgan-tuyskandary-kalydykty-asuyn-sakyrgan/

pixel