RU
Өзінен 10 жасқа үлкен азаматтарға алданып қала беретінін айтқан бойжеткен жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Өзінен 10 жасқа үлкен азаматтарға алданып қала беретінін айтқан бойжеткен жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Адамдарға тез сеніп қалатын әдеті барын айтқан бойжеткен жан сырын ақтарып, хат жазды. Оның сөзінше, ол өзін сүйген жанды бағламай, өзі сүйген адамы үшін бәріне даяр екен. Алайда осы бір әдеті үшін ол ерлер қауымына жиі алданып қалады деп хабарлайды alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: propositive.ru

Фото: propositive.ru

Бойжеткен, сондай-ақ, өзінен әлдеқайда жасы үлкен ер азаматтармен араласатынын жасырмады.

"Сүйемін, күйемін, аспандағы айды әперемін деген әңгімеге неге сеніп қала беретінімді өзім де түсінбеймін. Мені жақсы көретін адамды бағаламаймын, ал мен жақсы көретін адам үшін бәріне барамын. Осылай жаман болып кеткенмін. Өзімнен 9-10 жас үлкен  жігіттермен сөйлесемін, ерсі көрінеді, әрине.

Тығырыққа тірелген ару өзінің не үшін өмір сүріп жүргенін түсінбей дал болып жүр екен.

"Кейінгі кезде себепсіз жылайтын болыппын. Кейде есім ауысайын деді ме деп шошып қаламын өзімнен. Ішімде сақталып жатқан қаншама сырлар бар. Біреуін айтсам, біреуін айтпаймын. Егер сол сырдың барлығын дым қалдырмай осында жайсам, мені көргенсіз дерсіздер. Не істерімді білмеймін", - дейді кейіпкер.
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
7
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel