RU
Отан қорғаушылар күніне орай 80-ге жуық полицей төс белгімен марапатталды
Жаңалықтар Қоғам

Отан қорғаушылар күніне орай 80-ге жуық полицей төс белгімен марапатталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, ТО ПД-нің ұйымдастыруымен қалалық Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесінің 74 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысы мерекелеріне орай 80-ге жуық полицей марапатталды деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ПД баспасөз қызметі

Фото: ПД баспасөз қызметі

Аталмыш мерекеде, ТО ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Б.Халықов арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халық тыныштығы үшін еңбек етіп, жүрген ПД-нің полицейлері мен сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді.

Фото: ПД баспасөз қызметі

Фото: ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ПД-де ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өмірден озған Ұлы отан соғысы ардагерлерінің рухына бас иіп, тағзым етуге шақырды. 

Қос мерекеге орай өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ПД Кадр саясатының бастығы полиция подполковнигі М.Асқаров пен Шардара АПБ-нің бастығы, подполковнигі Аббаз Тұрғынбаев кезектен тыс полиция полковнигі шенін алды. Сондай-ақ, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен КПБ-ның бастығы, полиция полковнигі Құрманбек Сахов марапатталды.
Фото: ПД баспасөз қызметі

Фото: ПД баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, 80-ге жуық полиция қызметкерлеріне төс белгілері мен алғыс хаттары табысталды. 

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel