RU
Шереметьеводағы апатты ұшақта қаза тапқан жолаушылардың суреттері пайда болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шереметьеводағы апатты ұшақта қаза тапқан жолаушылардың суреттері пайда болды

Рассказать Вконтакте

Sukhoi Superjet 100-95B ұшағындағы апат 41 адамның өмірін әкетті. Қайғылы оқиға марқұмдардың жақындарын ғана емес, жүздеген адамдардың қабырғасын қайыстырды. Life.ru 5 мамыр күні сол күйі үйлеріне орала алмаған жолаушылар өмірінен үзінді жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Альбина Пилипчук ММТУ-ды дәмамдап, қоғаммен байланыс жөніндегі маман болып жұмыс істеді. Ол Ресей астанасына құрбысымен бірге барған. Бірақ қайта орала алмаған. Мурманскте ұлы қалды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

24 жастағы Михаил Зенин апат болған күні жұмыс бабымен Мурманскке ұшып бара жатқан. Жігіт Мәскеуде заңгер қызметін атқарған. Ол МГУ-ды қызыл дипломмен тәмамдаған. Адвокаттар коллегиясының қызметкері Валентина Болтушкинаның сөзінше, марқұм өте жақсы адам болған.

"Оның әкесі Михаилдің болашағына көп күш салды, сол себепті ол әкесінің ізімен жүрді", - дейді әйел.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

24 жастағы Александр Вицнаровский Мәскеуден туған жері Мурманскқа жол тартқан. Жақындарының айтуынша, ол бұрын елордада білім алып, қызмет еткен. Алайда туған отанына қайта оралмақ болыпты.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Алексей Смирнов зардап шеккендер тізімінен табылды. Ер адамның өлімі жайлы достары әлеуметтік желіде хабар берген.

"Достар! Кім әлі білмейді! Сұмдық жағдай болды - біздің ортақ досымыз Смирнов Алексей Николаевич қаза болды", - деп жазды олар.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

Мурмансктық ерлі-зайыпты Андрей мен Екатерина Чупруновалар. Олар демалу үшін Мәскеуге барып, 5 мамыр күні үйге қайтуы керек болды. Ер азамат - эколог, ал, әйелі тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Отбасы астанаға көшуді жоспарлап жүрген.

Андрейдың ауру анасы жалғыз қалды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Алена Мартынова Мурманск облысының ішкі саясат және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімін басқарды. Оны білетін адамдар Аленаны "кішкентай және нәзік, бірақ өте күшті және батыл әйел" деп сипаттайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Евгений Новиков пен қызы София апат кезінде зардап шеккендердің тізімінде бар. Достары мен қызметтестері әлеуметтік желіде Евгенийге арнап жантебірентер жазба қалдырған. Олар өз сөзінде ер адамды Жаратқан жіберген дәрігер деп атаған.

өгілдір және мейірімді көздер, оларды ұмыту мүмкін емес... Көптеген науқастың өмірін аман алып, аяққа тұрғызған адам. Мұның жай ғана түс екеніне сенгің-ақ келеді", - делінген жазбада.

Шереметьеводағы апаттың салдары анықталды>>>

Экипажды тыңдамаған ана мен бала Шереметьеводағы апатты ұшақтан аман қалды>>>

Шереметьевода өртеніп кеткен ұшақ жолаушыларының толық тізімі жарияланды>>>

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel