RU
Пошташы әйел зейнеткерлердің ақшасын иемденіп келген
Жаңалықтар Қоғам

Пошташы әйел зейнеткерлердің ақшасын иемденіп келген

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында пошташы әйел зейнеткерлердің зейнетақысын бермей, өз мүддесіне жаратқан. Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөліміне 5-мамыр күні үш бірдей зейнеткерден шағым түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bloknot-voronezh.ru

Фото: bloknot-voronezh.ru

Зейнеткерлер "Қазпочта" қызметкері желтоқсан айындағы зейнетақыларын иемденіп кеткендігін хабарлаған.

Пошташы әйел қарияларға жұмсап қойған ақшаны қайтаруға уәде берген. Алайда бес айдан бері сөзінде тұрмай жүр.

"Аталған шағымды полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы бойынша "Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімі" бойынша тіркеуге алды. Полицияның аудандық бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бірден  ұйғарым жасады. Анықталғандай, зәбір көрушілер зейнетақыларын "Қазпочта" қызметкері арқылы өз үйлерінен алып отырған",- деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары пошташы әйел өткен жылдың желтоқсан айында 250 мың теңге зейнетақы ақшасын иемденіп, зейнеткерлердің үйіне әкелмегендігін анықтаған.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдікті әйел ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берген.

Сіздің реакцияңыз
9
2
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel