RU
Элизабет Тұрсынбаева әлемдегі үздік 10 мәнерлеп сырғанаушының қатарына енді
Жаңалықтар Қоғам

Элизабет Тұрсынбаева әлемдегі үздік 10 мәнерлеп сырғанаушының қатарына енді

Рассказать Вконтакте

Элизабет Тұрсынбаева 2018/2019 мауысымының қорытындысы бойынша Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған рейтінгісіне сәйкес үздік ондық қатарына кірді. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының әлемдік деңгейдегі жетістігі жөнінде ұлттық олимпиада комитеті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің мәліметінше, халықаралық одақ олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының нәтижелерін есепке алған.

Оған қоса, Гран-при кезеңі мен тағы бірқатар халықаралық жарыстардың ең үздік көрсеткіштері ескерілген.

Әйелдер арасында бірінші орынды 4510 ұпаймен Алина Загитова (Ресей) иеленді. Екінші орыда жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Сатоко Мияхара (3459 ұпай).

Үздік үштікті тағы бір Ресей өкілі Евгения Медведева ( 3384 ұпай) қорытындылаған.

Ал Элизабет Тұрсынбаева 3108 ұпаймен рейтингте алтыншы орыннан көрінді.

Жеке мауысымдық рейтингте отандасымыз төртінші орында.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel