RU
Адамдардың зәре-құтын қашыратын әлемдегі ең үрейлі шіркеу туралы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Адамдардың зәре-құтын қашыратын әлемдегі ең үрейлі шіркеу туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Әлемдегі ең үрейлі шіркеу бірден бойыңызға жантүршігерлік сезім мен үмітсіз үрей ұялатады. Бейіттермен қоршалған қараңғы ғимаратқа кірсеңіз, табалдырықтан бастап тұрған ақ елестерді көресіз. Ендеше, жер бетіндегі ең қорқынышты шіркеу туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарыңызға ұсынады.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: bigpicture.ru

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: bigpicture.ru

Чехиялық Луков ауылында 1352 жылы салынған әулие Георгий шіркеуі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап құлай бастады.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Әулие орынның қаңырап бос қалуына жерлеу рәсімдерінің бірінде шатырдың құлап кетуі себеп болған. Содан бері жергілікті тұрғындар шіркеудің қарғыс атқан жер екеніне кәміл сене бастапты. Ал ғимаратты жөндеу жұмыстарына мүлде ақша табылмаған екен.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Ескі тарихи ғимаратқа назар аударту үшін жергілікті суретші Якуб Хадвара қираған орында арт-объектіге айналдырған. Нақтырақ айтқанда, қазір келушілердің орнында ақ мүсіндер отыратын болған.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Олардың бірі орындықтарға отырса, екіншілері қабырғалар мен жүретін жолда кездеседі. Ғимарат қанша тыныш болғанмен, іштегі дыбыс жойқын жарылыстан да қатты сияқты сезіледі.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Елестер Екінші дүниежүзілік соғыста әр жексенбі сайын осы костелге келетін немістердің кейпін көрсетуде. Бұл әрекетімен суретші шіркеудің адамдар өміріне үлкен әсер ететін тарихы бар екенін дәлелдегісі келіпті.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Қазір ақ елестердің арқасында шіркеу тек жергілікті тұрғындар арасында ғана емес, туристерге де қызықты бола бастаған. Енді экскурсиядан түскен ақшаға костел жөнделетін болды.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Алайда, қайта жөндеуден кейін елестердің қалар-қалмасы белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
6
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel