RU
Шереметьевода қаза тапқан бортсеріктің анасы ұлының өлімі жайлы айтты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шереметьевода қаза тапқан бортсеріктің анасы ұлының өлімі жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Шереметьевода әуежайындағы ұшақ өрті кезінде қаза тапқан бортсерік Максим Моисеевтің анасы ұлы туралы тың мәліметтермен бөлісті. Қайғыдан қан жұтқан Юлия Карева баласының өлімі туралы кімнен және қалай естігені айтты деп жазады Бесінші арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Mash, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Mash, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ұлынан айырылған ананың айтуынша, Максимн бес жасынан бастап ұшқыш болғысы келген. Алайда, ол ұшқыштарды даярлайтын мектепке түсе алмай қалған.

Юлия Кареваның сөзінше, 22 жастағы ұлы "Аэрофлот" әуе компаниясында бортсерік болып, бір жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен.

"Ол әрқашан ұшқыш, пилот болуды армандаушы еді" , - дейді марқұмның анасы.

Максим Моисеев әскери борышын өтеп келген соң, Санкт-Петербургте оқи бастаған. Сол кезде ол "Аэрофлот" компаниясына бортсерік болып жұмысқа тұрады.

"Ол өте ақкөңіл әрі ашық жан еді. Ол үнемі адамдарға көмек қолын созып, ешқашан ешкімді ренжіткен емес, ешқашан ешкімге жаман сөз айтпаған. Парасаттылық, батылдық, ержүректік бұның барлығы оның бойында болатын" , - деді келіншек.

Қайғыдан қан жұтқан ана ұлы болған ұшақтың бортындағы өрт туралы сол күні кешке бір-ақ білген. Бұл туралы оған жолдасы айтқан.

Максимнің қаза тапқаны туралы ақпаратты оның ата-анасына тек бірнеше сағаттан соң ғана растады. Алдымен, марқұмның жақындары оны ауруханалардан іздестірген.

"Таңға жуық біз оның қаза тапқаны жөнінде естідік" , - деді Юлия Карева.

Анықталғандай, бортсеріктің анасы онкологиялық ауруға шалдыққаны белгілі болды. Максим анасын барынша қолдап, қолынан кегенше оған дертті жеңуге көмектесіп жүрген.

Сонымен қатар, әйел адам ұлының 15 жасында Қырымда батып бара жатқан азаматты құтқарып қалғанын еске алды. Бірақ, бұл әрекетін Максим асқан ерлік деп есептемеген. Марқұм жігіт үшін мұндай жағдайлар қалыпты жағдайға тең болған.

Еске сала кетейік, Максим Миосеев Шереметьево әуежайындағы ұшақ өрті кезінде өзге адамдарға көмектесемін деп, өзі газдан уланып, қайтыс болған.

Жас жігіт өлер алдында сүйіктісіне хабарлама жіберіп үлгерген. Ол Ксюша есімді аруға оны сүйетінін жазған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel