Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа клипін қатаң сынға алды

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Мақсат Толықбай жақында ғана жаңа клипін жарыққа шығарған Кәмшат Жолдыбаеваны сынға алып, Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Толықбай, Кәмшат Жолдыбаева. Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Мақсат Толықбай, Кәмшат Жолдыбаева. Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Кәмшаттың клипі шыға келгенде, қасыңда отырған бала-шағаң мен шешеңнен ұяласың. Қырсыққанда, ондай кезде теледидардың пульті де табылмай кетеді ғой! Бұл да бір бояушы бояушы деген сайын", - дейді тележүргізуші.

Мақсат Толықбайдың бұл жазбасына желі қолданушылары да қосыла кеткен.

"Дұрыс айтасыз", "Қазақ емес қой дейін десем, қазақша ән айтып тұр", "Әнші болсын, болмасын қазақ қыздарына жат нәрсе ғой. Жартылай шешініп тастап, бәрібір шет ел болмайды. Қазақтың қызы дейді".
"Не сұмдық?! Шоу-бизнесте еш мән де, сән де қалмады. Әркім өз ойына келгенін істеп жатыр. Әй дейтін бір әже, қой дейтін бір қожа жоқ заман болды ғой. Қара пиардың соңына түсіп, әркім өз білгенін жасап жүр. Алла берген бар абыройын, әуретті жерінің барын жылтыратып... Бұрынғы Мақпал, Роза апайларымыз ешбір пиарсыз-ақ елге танылып, халық әртісі атағын алды емес пе? Неге біздің кейінгі буын жас әншілер сол кісілерден үлгі алмайды екен".
"Сахнадан расымен шеттету керек", "Кейінгі кезде қатты өзгерді", " Өкініштісі, өзі түсінбей жүр. "Өнер" деп қарап, шатастырып алғанға ұқсайды" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында Кәмшат Жолдыбаева "Caramel" атты клипін жарыққа шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793014-tanymal-telezrgizusi-kmsat-zoldybaevany-zaa-klipin-kata-synga-aldy/

pixel