RU

Тарихи жеңіс: "Ливерпуль" "Барселонаны" ойсырата жеңіп, финалға өтті (фото, видео)

Күні кеше Чемпиондар лигасында "Ливерпуль" мен "Барселона" арасында жартылай финал кезеңінің кездесуі болып өтті. Көпшілік бірінші матчта қарсыласын 0:3 есебімен жеңген каталониялық команданың финалға еш кедергісіз өтетініне сенімді болды. Алайда, англиялық клуб алғашқы ойынның нәтижесіне қарамастан, өз алаңында тарихи жеңіске жетіп, әйгілі "Барсаны" турнирден шығарып тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: Facebook

Екі команда арасындағы кездесу Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтті. Алаң иелері есепті ойынның жетінші минутында-ақ ашқан. Энфилдте соғылған алғашқы голдың авторы "Ливерпуль" шабуылшысы Дивок Ориги болды.

Дивок Ориги. Фото: eurosport.ru
Дивок Ориги. Фото: eurosport.ru: Facebook

Англиялық команданың бұл ойындағы басты мақсаты барынша көп шабуыл жасап, есепті теңестіру болса керек.

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап, "Ливерпуль" каталониялық қарсыласының қақпасына қауіп төндірді.

Дивок Ориги. Фото: eurosport.ru
Дивок Ориги. Фото: eurosport.ru: Twitter

Алайда, бірінші тайм Оригидің голымен шектеліп қалды. Екінші таймның басында Джорджиньо Вейналдум есепті еселеді. Англиялық құраманың шабуылшысы ойынның 54 минутында Тер Штегеннің қақпасына гол соқты.

Джорджиньо Вейналдум. Фото: eurosport.ru
Джорджиньо Вейналдум. Фото: eurosport.ru: Twitter

Араға екі минут салып, дәл сол Вейналдум есепті 3:0-ге жеткізді.

Джорджиньо Вейналдум. Фото: eurosport.ru
Джорджиньо Вейналдум. Фото: eurosport.ru: Twitter

Бойында сенімділік пайда болған "Ливерпуль"-ге қарсы "Барселона" жұлдыздары ештеңе жасай алмады.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: Twitter

Нәтижесінде бірінші голдың авторы Дивок Ориги 79 минутта ойынның нүктесін қойды. Ол әріптесінің қулықпен іске асырған бұрыштама соққысынан кейін, күтпеген жерден тағы гол соқты.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: Facebook

Кездесу 4:0 есебімен "Ливерпульдің" жеңісімен аяқталды. Екі ойынның қорытындысы бойынша есеп 4:3 болды.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: Facebook

Жеңіліс тапқан "Барселона" осымен екі жыл қатарынан Чемпиондар лигасының финалына өте алмай қалды. Қызығы, каталониялық команда турнирден бірінші кездесуін ойсырата жеңіп, екіншісінде жеңіліс тапқан.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: Twitter

Айта кетейік, "Барселона" құрамында кезінде "Ливерпуль" сапында өнер көрсеткен ойыншылар бар. Луис Суарес пен Филиппе Коутиньо каталониялық клубқа Чемпиондар лигасын жеңу үшін ауысқан болатын. Алайда, олар өзінің бұрынғы командаластарынан жеңіліп отыр.

Коутиньо. Фото: eurosport.ru
Коутиньо. Фото: eurosport.ru: Twitter

Луис Суарес. Фото: eurosport.ru
Луис Суарес. Фото: eurosport.ru: Facebook

Ал, Юрген Клопп футболшылары керісінше, екі жыл қатарынан ақтық сынға жолдама алып отыр. Былтыр финалда өнер көрсеткен "Ливерпуль" испаниялық "Реалдан" ойсырата жеңіліп қалған еді.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: Twitter

Бұған дейін, жауапты кездесуге англиялық клуб сапындағы үздік ойыншылар Мұхаммед Салах пен Роберто Фирмино қатыспайтынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1793025-tarihi-zeis-liverpul-barselonany-ojsyrata-zeip-finalga-tti-foto-video.html