RU
Қатерлі ісік пен жүктілікті шатастырған дәрігерлер әйел адамды сәбиінен айырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қатерлі ісік пен жүктілікті шатастырған дәрігерлер әйел адамды сәбиінен айырды

Рассказать Вконтакте

Түркияда келіншек жүктілігін қатерлі ісікпен шатастырып алған дәрігерлерді сотқа берді. Бұл туралы Lenta-ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: AsiaWire

Фото: AsiaWire

2018 жылы дәрігерлер 35 жастағы Серпил Баганың аналық бездерінің бірінен қатерлі ісіктерді алып тастаған. Ал үш айдан кейін әйелде жүктілік уақытында пайда болатын, кейде қатерлі ісікті де көрсететін хориондық гонадотропин деңгейі өсіп кеткен.

Дәрігерлер бұл өзгерісті қатерлі ісіктің клеткаларына теңеп, келіншекке химиотерапия тағайындаған. Артынша оның жатырынан 12 және тоғыз сантиметрлі екі ісік табылыпты.

Ақ халаттылар бұл ісіктерді алып тастауды жоспарлап жүрген екен. Алайда, отаға дейін бірнеше күн бұрын келіншек түсік тастаған.

Анықталғандай, дәрігерлер әйелдің жүктілігін аңғармай, екі егіз ұрпақты ісік деп ойлап қалған. Ал келіншек химиотерапия салдарынан түсік тастаған екен.

Бага мен оның күйеуі өз істеріне салғырт қараған дәрігерлер жазасын алғанын қалайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel