RU
Бас прокуратура қазақстандықтарға тағы да үндеу жолдады
Жаңалықтар Қоғам

Бас прокуратура қазақстандықтарға тағы да үндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдап, халықты заңсыз митингтерге қатыспауға шақырды деп хабарлайды Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: prokuror.gov.kz, today.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: prokuror.gov.kz, today.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ағымдағы жылдың 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде.
Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын.
Алайда ағымдағы жылдың 1 мамырда кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді.
Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз.
Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады" , - делінген Бас прокуратураның үндеуінде.
Сіздің реакцияңыз
18
0
1
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel