Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан президенттігіне үміткер 7 кандидат тіркелді

Опубликовано:

Еліміздің орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үміткер жеті кандидатты тіркеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қасым-Жомарт Тоқаев: Nur Otan партиясы 2019 жылдың 23 сәуірінде ұсынды. Ол 3 мамырда кандидат ретінде тіркелді.

Түгел Сәді-Бек: "Ұлы дала қырандары" республикалық бірлестігі 2019 жылдың 17 сәуірінде ұсынып, 3 мамырда ОСК-ге үміткер ретінде тіркелді.

Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов: "ҚР Кәсіподақтар федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі 2019 жылдың 24 сәуірінде ұсынды. Ол 3 мамырда кандидат ретінде тіркелген.

Дания Еспаева: "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" 2019 жылдың 25 сәуірінде ұсынып, 4 мамырда ОСК үміткер ретінде оның құжаттарын рәсімдеген.

Төлеутай Рахымбеков: "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" 2019 жылдың 25 сәуірінде ұсынды. Ол 6 мамырда кандидат ретінде тіркелді.

Жамбыл Ахметбеков: "Қазақстанның коммунистік халық партиясы" 2019 жылдың 26 сәуірінде ұсынып, 6 мамырда ОСК-ге үміткер ретінде тіркелді.

Әміржан Қосанов: "Ұлт тағдыры" республикалық қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың 26 сәуірінде ұсынды. Ол 6 мамырда кандидат ретінде тіркелген.

ОСК президенттікке үміткер кандидаттарды уақытынан бұрын 2019 жылдың 6 мамырына дейін тіркеп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1793045-kazakstan-prezidenttigine-mitker-7-kandidat-tirkeldi/

pixel