RU
Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін қызықты 13 дерек
Жаңалықтар Қоғам

Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін қызықты 13 дерек

Рассказать Вконтакте

Қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының сұрапыл соғыстағы ерлігі қазақстандықтарға ғана емес алыс-жақын шетелдегі жұртқа да мәлім. Даңқты қолбасшының ерлігі мен өсиет сөздері әлі күнге дейін өскелең ұрпаққа айтылып келеді. Алайда, батырдың өміріндегі қызықты жайттардан көпшілік хабарсыз. Осы орайда Мәдениет порталы назарларыңызға Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін 13 деректі ұсынады.

Фото: madeniportal.kz, odb-abai.kz, flickr.com Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: madeniportal.kz, odb-abai.kz, flickr.com Коллаж: KAZ.NUR.KZ

1. Бауыржан Момышұлы 24 желтоқсан күні дүниеге келген. Қыстың әбден қаһарына мініп тұратын шағында өмірге келуі оның өміріне да аса ықпалы болған. Содан болар, қарапайым өмірде сабырлы, ал майдан алаңында аса қатал болған деседі. Бауыржан Момышұлының бала кезде "Шаңтимес" деген лақап аты болған. Бұл жайлы біреу білсе, бірі білмес.

2. Елге ержүрек жауынгер ретінде танылған азамат өз еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Ол 1928-1930 жылдар аралығында бастауыш мектепте сабақ берген.

3. Момышұлы табиғатынан жаңа дүниені тез үйренгіш әрі жылдам игергіш болған. Әр түрлі салаға тез бейімделгіш қабілетінің арқасында ол Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та жұмыс істеген. Қаржылық сауатты қазақ батыры әскери саланы тастамай-ақ қатар алып жүрді.

4. Соғысқа дейінгі кезеңде ол әскерде талай адамды өз өнерімен тәнті еткен. Ат үстінде қылышпен ойын көрсетуде асқан ептілік танытып, Буденныйдың көзіне түскен.

5. Момышұлы Ұлы Отан соғысына генерал-майор Панфилов басқарған әйгілі дивизияның құрамында 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысқан.

6. Даңқты қолбасшы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірді.

7. 1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, т.б. ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы дәрістің стенограммасы кейін "Соғыс психология" деген атпен кітап болып басылып шықты.

8. Талай адамның өмірін қиған соғыста дивизия басқарған екі қазақ ғана болған. Бірі – Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин.

9. Соғыстан кейінгі 1950-1955 жылдары Момышұлы полковник шенімен кеңес әскері әскери академиясында сабақ берді. Кеңес одағының генералдары өз алдында дәріс оқыған асқан стратег, психолог, шешен, тапқыр полковниктің кәсібилігін бірден мойындаған. Бауыржан Момышұлы әйгілі қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевты өз көзімен көргенін айтты.

10. 1962 жылы Момышұлы Фидель Кастроның арнайы шақыруымен Куба еліне барады. Араға бір жыл салып, тағы бірнеше шақырту алып арнайы сапарымен қайта барып қайтқан. Бір айта кетерлігі, Куба елінің саяси күрескері Ф. Кастро түрмеде жатқан шағында Момышұлының кітаптары оның көзқарасының нығаюына ықпал еткенін айтады.

11. Елге оралған соң, Қорғаныс комиссариатына (қазіргіше министрлік) басшылықтан ойы болған. Алайда елдегі науқаншылдық оған жол бермеді. Тіпті ректор Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған деседі.

12. Кейін Момышұлы толығымен шығармашылыққа бет бұрды. Ол өз өміріндегі көрген білгендеріне сүйене кітап жаза бастады. Қолбасшы еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығарған.

13. Момышұлы өмірінде бірнеше рет үйленіп, шаңырақ көтерген. Алғашқы жұбайы Бибіжамал Мұқанқызынан Бақытжан есімді ұлы дүниеге келген. Ұлы да жазушылықпен айналысқан.

Екінші әйелі Вера Строева Бауыржанның әдебиетке келуіне әсер еткен. Клавдия Коркина атты сыған қызымен бас құрап, одан Елена Бауыржанқызы деген перзент сүйген. Тағы бір әйелі Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге тұрған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel