Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЧЛ: Финалға шыққан "Ливерпуль" жеңісті қалай тойлады? (видео)

Опубликовано:

Күні кеше "Барселонаны" ойсырата жеңіп, чемпиондар лигасының ақтық сынына өткен "Ливерпуль" ойыншылары жеңісіне әлі де сене алар емес. Желіде футболшылардың киіну бөлмесінде тарихи жетістікті тойлаған видеосы тарап кетті деп жазады footboom.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

"Ливерпуль" аяқдопшылары әсерлі жеңісті алдымен алаңда өз жанкүйерлерімен, артынша киіну бөлмесінде тойлаған.

Ғаламторға тараған бейнежазбадан англиялық команда ойыншылары тарихи жеңіске қол жеткізгеніне сенбестен бір-бірін қайта-қайта құшақтай бергенін аңғаруға болады.

Жарақаттанып қалған жұлдызды футболшылар Мұхамед Салах пен Роберто Фирмино ерлік жасаған әріптестерімен қоса тойлады.

Қуанышы қойнына сыймаған спортшылар киіну бөлмесін басына көтеріп, айқайға басты.

Ойында нәтижелі пас шығарған жас футболшы командасының елтаңбасын сүйіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1793084-c-finalga-sykkan-liverpul-zeisti-kalaj-tojlady-video/

pixel