RU
Меган Маркл Гарри ханзадаға ұл сыйлады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Меган Маркл Гарри ханзадаға ұл сыйлады

Рассказать Вконтакте

Әлем халқының назарына іліккен ұлыбританиялық Гарри ханзада мен Меганның шаңырағы кішкентай нәрестемен толықты. Герцогиня ұл баланы өмірге алып келген деп жазады vokrug.tv сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Меган Маркл, Гарри ханзада. Фото: vokrug.tv

Меган Маркл, Гарри ханзада. Фото: vokrug.tv

Букингем сарайынындағылар кеше таңертең герцог пен герцогиняның алғаш рет ата-ана атанғандарын ресми түрде хабарлаған.

Мәліметтерге сүйенсек, Меган Маркл сәуір айының аяғында босануы тиіс болған.

37 жастағы герцогиняның босанатын уақыты кешіккендіктен, ол сарайдағы мамандардың көмегінен бас тартқан.

Осыдан кейін ешкімге хабар берместен, жұбайымен бірге Лондондағы жеке перзентханалардың біріне орналасады.

Қазіргі уақытта оның Портленд перзентханасында босанып, арада бірнеше сағат өткенде шығып кеткені анықталған.

Айта кетейік, Гарри ханзада босану кезінде әйелінің жанында серіктес болған. Дүниеге келген сәбидің салмағы - 3 келі 260 грамм.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel