RU
Қазақстанның бас санитары ораза ұстағандарға кеңес берді
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның бас санитары ораза ұстағандарға кеңес берді

Рассказать Вконтакте

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ораза ұстаған жандарға бірнеше пайдалы кеңес айтты деп хабарлайды inalmaty.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жандарбек Бекшин. Фото: kp.kz

Жандарбек Бекшин. Фото: kp.kz

Бас санитар ораза ұстаған жандар жаздың күндері 20 сағат бойы нәр татпайтынын еске түсірді.

Ол тамақтану бойынша бірнеше ұсыныс айтты.

Бекшин кімге ораза ұстауға болады, кімге болмайтыны туралы атап өтті.

Бас санитардың сөзінше, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер, қарт адамдар, жеті жасқа толмаған балалар, жауынгерлер, психологиялық жұмыста шешім шығаратын жұмыскерлерге ораза ұстамауға болады.

Ол қант диабеті ауруы, гипертония, инсульт жағдайларына ұшыраған адамдар да өз жағдайын ескеркені дұрыс екенін алға тартты.

"Асқазанның, ішектің жаралары, гастрит, созылмалы сыртқатқа шалдыққандар әрине, ұстауға болмайды. Бұл кезде біздің тұрғындарымыз дәрігермен міндетті түрде кеңесуі керек. Дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана ораза ұстағаны дұрыс", – деді қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы.

Жандарбек Бекшин сухур (таңғы) мен ифтар (кешкі) кезінде тамақтың жеңіл болуы керектігін баса айтты.

"Тамақ 20 сағат бойы қуат беріп тұруы тиіс. Сонымен бірге, шөл тудырмас үшін бірқатар тағамдар бар. Яғни, калорияға бай тамақты тұтынған кезде су денеден баяу шығарылады. Атап айтқанда, сұлы тағамдары, бұршақ, бүтін дәнді ұннан жасалған тағамдар, күріш жеген дұрыс", - деді ол.

Бас санитар тамақ дайындау кезінде майдың мөлшерін екі есе азайту керектігін жеткізді.

Оның айтуынша, майдың орнына өсімдік, яғни зәйтүн майымен тамақ дайындаған дұрыс.

Бекшин ораза кезінде тәтті тағамдардан, газдалған сусындардан бойды аулақ ұстауға шақырды.

"Осындай жағдайда шөлдеу жағдайы азайып қалады. Сонымен бірге, тұздалған тағамдарды азайту керек. Тұздың нормасын бес граммнан арттырудың қажеті жоқ. Осындай талаптарды сақтасақ, әрине, денсаулығымыз зор болып, ораза айы жеңіл өтеді", – деді бас санитар.

Бекшин ауызашар кезінде құрманы жеудің пайдасы үлкен екендігін атап өтті.

"Кешке суды жылытып ішу керек. Су салқын болмауы тиіс. Неге десеңіз, жай суды ішудің пайдасы – газдалған сусындар клетканың суын шығарып, адам тез шөлдеп қалады. Майлы тамақ пен қуырылған етті азайту керек. Ол ауыр тамақ. Пайдасы аз. Күннің екінші жартысында адам шыдамай қалуы мүмкін. Жоғарыда аталған пайдалы тағамдар энергияның денеден баяу шығуына мұрындық болады", – деді бас санитар.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы ұйқыға да мән беру керектігіне тоқталды.

Бекшиннің сөзінше, күндіз мүмкіндік болса, адам ұйықтап алу керек.

"Ауыр жұмыста жүргендерге аздап ұйықтап алған дұрыс. Біздің барлық отбасымызда, ұжымымызда достық атмосфера болуы тиіс. Себебі, жаман эмоционалды жағдайда бұл адамға әсте ыңғайлы болмайды", – деді бас санитар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel