RU

Шымкентте үш жасар қыз бала бензин ішіп қойған

Шымкент қаласында ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бүлдіршіннің бензин ішіп қойғаны анықталды. Шымкенттік ақ халаттылар ауыр халде жатқан қыз баланың өмірін аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Балақайды жедел жәрдем қызметі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді.

Бүлдіршіннің ішкі ағзасы қатты зақымданғанын байқаған мамандар оны шұғыл түрде​ Шымкент қаласындағы Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізген.

Бензин ішіп қойған үш жасар қыз баланың ішкі ағзасын қатты күйік шалғандықтан, дәрігерлер оны дереу​ жансақтау бөліміне жатқызып, назогастральді зонтпен асқазанын шайған.​

Балақайды аман алып қалу үшін дәрігерлер барын салып, екі күн бойы реанимациялық емдеу шараларын шұғыл түрде жүргізіп тұрған.​

"Нәтижесінде үш жасар қыз баланың жағдайы жақсарып, үшінші күні жансақтау бөлімінен​ палатаға ауыстырылды. Бір аптаға жуық балақай ауруханада ем алып, жағдайы жақсарған соң анасымен бірге үйіне шығарылды.​ Қазір бүлдіршін жергілікті емханадағы дәрігерлердің​ ​бақылауына алынған", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1793113-symkentte-s-zasar-bala-benzin-isip-kojgan.html