RU
Еркеш Шәкеев көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Еркеш Шәкеев көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті

Рассказать Вконтакте

Танымал композитор әрі музыкант Еркеш Шәкеев 7 мамыр күні Алматыда өткен жеке мерейтой кешінде көпбалалы отбасыға төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркеш Шәкеев пен "London Voices" хорының басшысы Тэрри Эдвардс. Фото: Facebook

Еркеш Шәкеев пен "London Voices" хорының басшысы Тэрри Эдвардс. Фото: Facebook

Көпбалалы, тұрмыс-жағдайы қиын отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық кеші Республика сарайында өткен.

Мерейтойға отандық әншілермен қатар шетелдік жұлдыздар да жиналған.

Олардың арасында "А-Студио", Марат Бисенғалиев, Александр Иванов пен "Рондо" тобы, Карина Абдуллина, Толқын Забирова, "Tengri", "Mezzo", "Асыл", "Molto Loud" топтары, Алматы симфониялық оркестрі, мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, дирижер Қанат Омаров болған.

Кештен жиналған барлық қаражатты Еркеш Шәкеев тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылыққа жұмсаған.

Композитор кеш барысында көпбалалы отбасыға Алматыдан төрт бөлмелі үйді жиһазымен табыс еткен.

Музыканттың бұл ісін кешке жиналған қонақтар желіде жарыса жариялады.

"Бүгін Республика сарайында Еркеш Шәкеевтің керемет кеші өтті. Бізде талантты адамдар өмір сүруде. Жарайсыз, Еркеш! Композитор өзінің достарымен бірге концертке жиналған қаражатқа 4 бөлмелі пәтер алып, көпбалалы отбасыға табыс етті.
Пәтердің кілтін сахнада көпбалалы әйелдің қолына ұстатты", - деп жазды тыңдармандардың бірі.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel