RU
"Мен сені жақсы көремін": Борт қызметкерінің соңғы жазбасы желіде пайда болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Мен сені жақсы көремін": Борт қызметкерінің соңғы жазбасы желіде пайда болды

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Шереметьево әуежайында 5 мамыр күні ұшақ өртенді. Sukhoi Superjet 100 лайнеріндегі жолаушыларды қызыл жалыннан құтқару кезінде борт қызметкері Максим Моисеев қаза тапты. Ол өлер алдында сүйіктісіне жақсы көретінін айтып хабарлама жіберді. Baza Telegram-арнасында екі жұптың бір-біріне жіберген жазбасы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Максим Моисеев. Фото: Mash. Жазба. Фото: Baza

Максим Моисеев. Фото: Mash. Жазба. Фото: Baza

Максим өлер алдында бірнеше минут бұрын Ксенияға: "Шарға қарай ұшып барамыз. Менде бәрі жақсы, уайымдама", - деп хабарлама жіберген.

Бұған сүйіктісі: "Көтеріліп кеттіңдер ме? Қайда ұшып барасың? Неге сенде сеть ұстап тұр? Рейс нөмірін берші", - деп жауап беріпті.

Борт қызметкері сүйіктісіне "Мен сені жақсы көремін", - деп қысқа қайырған.

Уайымдаған Ксения "Не болып қалды?" деп жазба жібергенімен, ол Максимнен сол күйі жауап алған жоқ.

Каналдың жазуынша, 15 минуттан соң Максим жолаушыларды құтқару кезінде қайтыс болған.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Борт қызметкері Максим Миосеев өрт кезінде өзге адамдарға көмектесемін өзі газдан уланып, қайтыс болған.

Осыған байланысты Мурманс облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін көрсетті.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шереметьево әуежайында болған қайғылы жағдайға байланысты Ресей президентіне көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel