RU
37 жастағы қазақстандық әйел Түркиядағы сұлулық байқауында топ жарды
Жаңалықтар Қоғам

37 жастағы қазақстандық әйел Түркиядағы сұлулық байқауында топ жарды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық сұлулық байқауы Түркияда 1 мен 8 мамыр күндері аралығында өтті. 37 жастағы қазақстандық Лейла Күлжанова Анталияда болған Universe Beauty 2019 байқауында "Әлем ханымы" ("Миссис Вселенная") титулын жеңіп алды деп хабарлайды Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram

Фото: instagram

"Universe Beauty 2019" титулы үшін әлемнің 20 елінен келген сұлулар бақталасқан болатын.

Байқаудың бірінші кезеңінде арулар өз елінің ұлттық киімдерін көрсетті, кейіннен спорт костюмдерімен дефилеге шықты. Ал содан соң өнерін көрсетіп, шығармашылық нөмірінде бар өнерін паш етті.

Байқау қорытындысы бойынша, бірнеше қазақстандық ару түрлі титулдарды иеленді.

Жеңімпаз атанған Лейла Күлжанованың екі жоғарғы білімі - заңгер және қаржыгер мамандығы бар. Ол кандидаттық диссертация қорғаған.

Қазіргі таңда екі ұл тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ, Лейла "Халық-Life" Өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық банкінің еншілес компаниясы " АҚ директоры және Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Өткен жылы ол "Миссис Семей 2018" титулын жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
2
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel