RU
Головкиннің бапкері оның не себепті "Канелодан" жеңілгенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Головкиннің бапкері оның не себепті "Канелодан" жеңілгенін айтты

Рассказать Вконтакте

Америкалық бапкер Джонатан Бэнкс қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альваресті неге жеңе алмағаны туралы айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Головкиннің жеке парақшасы

фото: Головкиннің жеке парақшасы

Бұл туралы жаттықтырушы Джонатан Бэнкс Ring TV-ге берген сұхбатында айтып өтті. 

"Мен оның стилін түбегейлі өзгерткім келмейді, тек біраз нәрселерді жақсартқым келеді. Сіз әлденені өзгерткен кезде жаңа дүниелерді үйренуіңізге тура келеді, ал көздегеніңіз ойлағаныңыздай болмай қалса, алғашқы бағытыңызға қайта ораласыз.

Мен де оның о бастағы әдістерін қолға алып, сол жағын күшейткім келеді.

"Канеломен" алғашқы жекпе-жектен кейін Геннадий ештеңе өзгерткен жоқ. Менің ойымша, қандай да бір өзгерістердің жоқтығы да Геннадийдің күйреуіне алып келді.

Сауль Альварес - мықты боксшы, онымен жекпе-жек кез келген адам үшін ауыр болатыны сөзсіз.

Ол машықтары мен ептілігінің арқасында барлығы үшін алдырмас боксшы. Мұндай қарсыласпен айқаста бұрынғы жіберген қателіктерге түзетулер енгізілмейтін болса, біздің бұрынғы көрген жекпе-жегіміз қайта қайталануы мүмкін", - деді америкалық бапкер.

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
0
11
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel