RU
2 пайызбен, алғашқы жарнасыз кімдер үй ала алады?
Жаңалықтар Қоғам

2 пайызбен, алғашқы жарнасыз кімдер үй ала алады?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі екі пайызбен үй алу бағдарламасына бір адамға шаққандағы табысы 42 500 теңгеден аспайтын отбасылар ғана қатыса алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, екі пайызбен үй алу бағдарламасына төрт және одан да көп баласы бар отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар қатыса алады.

Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылардың да қатысуға құқығы бар екендігін жеткізді.

"Бұл бағдарламаға бір адамға шаққандағы табысы 42 500 теңгеден аспайтын отбасылар қатыса алады. Мәселен, егер отбасы алты адамнан тұрса, онда оның жалпы табысы 255 мың теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие бойынша жеке басына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне өтінім берген күнді алғанда баспанасы жоқ болуы керек", - деді Ләззат Ибрагимова.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
2
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel