RU
Жапонияда көлік жүргізушісі бір топ баланы қағып кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жапонияда көлік жүргізушісі бір топ баланы қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Жапонияның Сига префектурасында көлік жүргізушісі тәрбиешілерімен демалуға шыққан бір топ балаларды қағып кетті деп хабарлайды TACC-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, жол көлік оқиғасы Оцу қаласында орын алды.

Көше қиылысында екі көлік соқтысып, соның салдарынан көліктің бірі балабақша жасындағы бір топ баланы тәрбиешісімен бірге қағыпты.

Бұл уақытта олар жолдың арғы бетіне өту үшін бағдаршамның жасыл түсінің жанғанын күтіп тұрған болатын.

Алдын-ала ақпарат бойынша, 13 адам ауруханаға жеткізілген.

Апат салдарынан екі бала мен тәрбиеші ес-түссіз жатыр.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel